Астанаға Қырғызстан премьері бастаған үкімет делегациясы келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковпен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы primeminister.kz-ке сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.
None
None

Астанаға кешке таман Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған делегация келді. Қырғызстан делегациясының құрамында бірінші вице-премьер Т. Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков және т. б. бар.

Қазіргі уақытта екі ел министрліктері мен ведомстволары басшыларының  қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кездесуге қырғыз тарапы бастамашылық еткен.

Соңғы жаңалықтар