08:28, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Астанаға Университеттердің еуразиялық ассоциациясының президенті келді
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезіне қатысу үшін Астанаға аталмыш ұйымның президенті, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана қаласының Халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович қарсы алды. Журналистерге берген сұхбатында Виктор Садовничий бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткелі отырған Университеттердің еуразиялық ассоциациясының мерейтойлық құрылтайының маңыздылығына тоқталды. «Университеттердің еуразиялық ассоциациясының он бірінші, мерейтойлық съезін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырудың өзіндік мәні бар. Осы айда Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еуразиялық одақты құру идеясын жариялағанына 15 жыл толып отыр. Сондай-ақ биыл Университеттердің еуразиялық ассоциациясының құрылғанына ? 20 жыл. Осынау мерекелі күндерге орай ассоциацияның он бірінші съезі баршаға белгілі еуразияшыл ғалым Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылып отыр. Бүгін біз ұйымға мүше Еуразия және ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалым-профессорларының қатысуымен өтетін съезде еуразиялық кеңістікті дамыту идеясы аясында білім мен ғылымның өзекті мәселелерін талқыға салып, осы салада өзара кірігу жайын қозғамақпыз», - деді В.Садовничий. Айта кетейік, Университеттердің еуразиялық ассоциациясы Еуразия және ТМД елдерінің 98 жетекші жоғары оқу орнын біріктіретін халықаралық ұйым. Бүгінде оған Қазақстанның бірқатар ұлттық университеттері кіреді. Ұйымның негізгі органы ? Съезде еуразиялық кеңістікке кіретін елдердің білім-ғылым саласындағы өзекті мәселелері талқыланып отырады.