Астаналық Б. Кәрімкешев Олимпиада ойындарына ұтысқа түскен 2 адамдық жолдаманы ұтып алды

Наурыздың 1-і мен мамырдың 31-і арағында өткен акция кезінде Халық банкінің Visa карточкасын иеленуші клиенттеріне Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарына жолдамамен бару мүмкіндігі берілген болатын. Акцияға қатысу үшін банктің Visa карточкасы арқылы кез келген сауда-сервис орнынан жалпы сомасы 5 мың теңгеден кем болмайтын сауда жасау қажет болды. Онда ұтысқа түскен Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының 2 адамдық жолдамасын банктің Астана өңірлік филиалының клиенті Бақытжан Кәрімкешев жеңіп алды.
«Осы жүргізілген іс-шараның көмегімен біз Visa карточкасын күнделікті тұрмыста пайдалану артықшылығын дәлелдігіміз келді әрі оны иеленушілерге Лондонға ұмытылмас сапар шегу мүмкіндігін ұсындық. Акция жеңімпаздары спорттық жарыстардың тамаша көріністерін өз көздерімен көріп қана қоймай, қазақстандық спортшылардың құрама командасына да қошемет көрсете алады», - дейді Visa компаниясының Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Ғалым Табылдиев. Оның айтуынша, басты жүлде болып табылатын 2 адамдық жолдама 3 күндік. Оған мынадай шығындар құны енгізілген: әуемен жол жүру, 4 жұлдызды қонақ үйде тұру, қонақ үйге дейінгі трансфер ақысы, қонақ үйдегі таңғы ас, Олимпиада ойындарының нышаны бар, алдын ала төленген Visa карточкасы (бір адамға £150 сомасында ақшамен), спорттық арнайы іс-шараларға бару, олимпиадалық нысандарға дейінгі трансфер ақысы, Лондон бойынша автобуспен экскурсиялық тур, аттракциондарға /көрікті жерлерге билет, Олимпиада нышандары бар кәдесыйлар.