Астаналық кәсіпкерлер чех әріптестерімен бірлескен кәсіпорындар ашу мүмкіндігін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық кәсіпкерлер чех әріптестерімен Астана аумағында бірлескен кәсіпорындар ашу мүмкіндігін талқылады. Астана қаласының 40-тан астам кәсіпкері чехиялық кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бүгін Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы және Чехия ортаазиялық сауда палатасы делегаттарының арасында халықаралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында кездесулер өткізілді. - Чехия тарихи жағынан өте жақын және бүгінгі таңда бұл елдің үлкен әлеуетіне куә болып отырмыз. Әріптестерімізден үйренетініміз өте көп. Елорданың 40-тан астам кәсіпкері бүгін чех бизнес өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Чехиядан инвестиция тарту, тәжірибе алмасу, Астана аумағында ортақ кәсіпорындар ашу біз үшін маңызды. Ол үшін барлық жағдай жасалған, - деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов. Чехия ортаазиялық сауда палатасының президенті Иржи Нестевал өз кезегінде елорда әкімдігінде өткен кездесулерге тоқталды. - Біз Чехия мемлекетімен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқандарыңызға қуаныштымыз. Кеше елорда әкімдігінде қабылдауда болдық. ТКШ, энергетика, жылу жүйесі, су арнасы және қалдықтарды жою бойынша келіссөздер жүргізілді, - деді И.Неставал. Чехия кәсіпорындарымен келіссөздер әлі де жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар