Астаналық нейрохирургтер Ақшолақовтың жетекшілігімен 5 мың ота жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Орталық Азияда бұрын-соңды қолданылмаған нейрохирургия саласындағы 60-тан астам технология енгізілді.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Серік Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғасырлар бойы арман болған және де жарқын болашағымыз үшін Сізге рахмет айтуға рұқсат етіңіз. Сіздің әлеуметтік саясатыңыз денсаулық саласының өсуіне зор әсер етті. Соның бір жарқын көрінісі - Ұлттық нейрохирургия орталығы. Осы 8 жыл ішінде елімізде Орталық Азияда қолданылмаған 60-тан астам жаңа технологияны тәжірибеге енгізіп, 5 мыңдай операция жасадық. Бүгінде толығымен ең жоғары сапалы көмек көрсете аламыз. Келешекте осы істі жалғастыруға біз дайынбыз», - деді ол салтанатты шара барысында. 

Дәл осы атаққа ие болған «Қарасу» СӨК» ЖШС бас директоры Алмат Тұрсынов өз сөзінде Елбасының жүргізіп отырған саясатының арқасында еліміз бүкіл әлемге танылғанын баса айтты.

«Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Сізге менің еңбегімді бағалап, жоғары мемлекеттік награданы тапсырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіз жүктеген жоспарларды бар күшімізді салып жасайтын боламыз», - деді Тұрсынов.

Соңғы жаңалықтар
telegram