Астананың екі ауданында электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады
АСТАНА. KAZINFORM – «Астана-РЭК» АҚ жөндеу және электр монтаждау жұмыстарына байланысты 6 тамызда елорданың екі ауданында электр қуатын беру уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлады.

Байқоңырда сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін трансформаторлық қосалқы стансалар мен электр желілерінде жұмыс жалғасады. Өндіріс, Сарыжайлау, 36, 34, Теректі тұйық көшесі, Ақбидай, Бейнеу, Сүгір Әліұлы, Гүлзар тұйық көшесі, сондай-ақ Ақсу-Жабағылы және Қошке Кемеңгерұлы көшелері уақытша жарықсыз қалады.
Сағат 09:30-дан 10:00-ге дейін және 17:00-17:30 аралығында Мусоргский, Киелісай, Шортанды, Ынтымақ, Жетісай көшелерінде, Бестау тұйық және Аршалы тұйық көшелерінде электр энергиясы қысқа мерзімге өшіріледі.
Сарыарқа ауданында сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін желілердегі күрделі жұмыстар жалғасады, Абат-Байтақ, Оғыланды, Оқжетпес, Қ.Байсейітова, Ш. Бейсекова, Нұрмұхамбет Қожахметов, Сұлтанбек Қажахметов, Мұса Жәлел, Шақпақ, Фахд бин Абдул Азиз, Ақан сері, Гагарин, Дулатов, Жарсуат тұйық көшесі, сондай-ақ Юбилейная, Медеу, Аспара, Катонқарағай, Тобыл, Чехов және Орда көшелері электр энергиясынан ажыратылады.
Бұдан басқа, 6 және 7 тамыз күндері сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін Қарасай батыр 22/1, 24/2 және Шынтас тұйық көшесі мекенжайларында монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Сол күні сағат 09:30-дан 11:30-ға дейін Қарасай батыр 31/2, Конституция 18А, 20/2, 22, сондай-ақ Қарталы 3А, 3/1 көшелерінде электр энергиясы уақытша өшіріледі.
6 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін техникалық байқау жұмыстары Көктал кентіндегі Шұғыла, Сұлукөл, Қайыңды, Алмалық және 12-95 көшелеріне әсер етеді.
Осыған дейін Астанада ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтетіні туралы жаздық.