«Астананың» сұрмерген ойыншысы жаңа клубқа ауысты

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Джеффри Чинеду Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін Крылья Советов командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.

Джеффри Чинеду
Фото: fckssamara

Клубтың Instagram-парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, нигериялық шабуылшымен жасалған келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

Чинеду соңғы бір жарым маусымды елордалық Астана сапында өткізді. Осы уақыт аралығында ол 54 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. 2024 жылы футболшы командамен бірге Қазақстан Кубогының Лигасын жеңіп алуға үлес қосты.

Бұған дейін шабуылшы Қытай, Сербия, Финляндия, Эстония, Украина, Румыния, Солтүстік Македония, Албания, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Кипр чемпионаттарында ойнаған.

Джеффри Чинеду «Астана» құрамында 2024 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетті. Өткен маусымда 12 гол соғып, елордалық клубтың үздік бомбардирлері арасында топ-5 қатарына енді.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 900 мың еуроға бағалап отыр. 

Айта кетейік, Беларусьтің үздік футболшысы «Қайрат» командасынан кетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум