Астананың дамуы - Тәуелсіз Қазақстанның қаншалықты сәтті қалыптасып келе жатқандығының көрінісі - еуропалық және азиялық медиафорум

Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан еуропалық және азиялық медиафорумда мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, әр мемлекет Тәуелсіздігінің 20 жылдығын әрқалай жағдайда атап өтуде. «Ал біз бүгін Қазақстанда осындай үлкен жиын ұйымдастыра отырып, Қазақстанның мықты да кемелді мемлекет қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жеткендігінің куәсі болып отырмыз. Бұл жетістіктің жарқын көрінісі кезінде қазақтың сайын даласының орнында бой көтерген Астана болып табылады. Бүгінде бұл қала ерекше қарқынмен өсіп келе жатқан әсем де өте қолайлы елорда. Бұл соңғы 20 жылдық еңбектің жарқын көрінісі», - деді М.Филимонов.
Естеріңізге сала кетейік, елордада қатарынан екі күн бойы өтіп жатқан медиафорум «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: БАҚ пен қоғам» атты ұранмен өтіп жатыр. Аталмыш жиынға ТМД, Балтық жағалауы елдері мен Грузиядан 300-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен БАҚ жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының алдыңғы қатарлы топ-менеджерлері, блоггерлер, сарапшылар қатысуда.