«Астон Вилла» алғаш рет UEFA Еуропа лигасының чемпионы болды
АСТАНА. KAZINFORM – Англияның «Астон Вилла» клубы өз тарихында алғаш рет UEFA Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды. Финалда команда Германияның «Фрайбург» клубын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
UEFA Еуропа лигасының 2025/26 жылғы финалы шешуші матчы Түркияның Стамбұл қаласындағы «Тюпраш» стадионында өтті. Кездесуге франциялық төреші Франсуа Летексье қазылық етті.
Ағылшын командасы финалды сенімді өткізіп, қарсыласына жауапсыз үш гол соқты және нәтижелі шабуыл жасауға мүмкіндік берген жоқ.
«Астон Вилла» клубы үшін бұл трофей клуб тарихындағы UEFA Еуропа лигасы/UEFA кубогындағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін команда 1982 жылы Еуропа чемпиондар кубогын жеңіп алған, сондай-ақ екі рет Интертото кубогының иегері атанған (2001, 2008).
Бұған дейін Англияның «Арсенал» клубы 22 жылдан кейін алғаш рет Англия Премьер-лигасының чемпионы атанғанын жаздық.