Асыға күткен Жолдауымыз көңілімізден шықты - Х.Әбенұлы

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Cырдария аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Хайролла Әбенұлы бізбен хабарласқанында «Елбасының халыққа Жолдауы - қазақстандықтар жыл сайын асыға күтетiн маңызды құжат.

          Асыға күткен Жолдауымыз көңілімізден шықты - Х.Әбенұлы

Теледидардан мұқият тыңдағанымызда Елбасының әрбiр сөзiнен ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын атап өтетiн жыл да мемлекетiмiз үшiн табысты жыл болатынын аңғардық. Әрине, Тәуелсiздiк - ұлы ұғым, бұл бiздiң ең басты құндылығымыз. Осылайша асыға күткен Жолдауымыз тағы да біздің көңілімізден шықты» деп мәлімдеді.

- Тәуелсiздiк жылдарында мемлекетiмiздiң экономикасы мен әлеуетi бекiп, барлық салада өсу, даму, жаңғырту болды. Тарих үшiн өте қысқа мерзiмде дүниежүзiне мәлiм мемлекет құрылды, - деді ардагерлер кеңесінің төрағасы бұдан әрі.

- Тiптi қаржылық дағдарысқа қарамай экономикамыз өз өмiршеңдiгiн дәлелдедi. Жыл сайын жарияланатын Жолдауда айтылған әлеуметтiк жәрдемақылар тиiстi деңгейде өстi. Жыл басынан бастап ардагерлер 30 пайызға өскен зейнетақыларын қолдарына алды. Десек те, қол жеткенге тоқмейiлсуге болмайды. Президентiмiз атап көрсеткендей, "Қазақстан Тәуелсiздiктiң үшiншi онжылдығына лайықты қадам басуы үшiн бiзге әлi көп нәрсе iстеуге тура келедi".

«Халқымыз азаматтық белсендiлiгiн арттырып, нақты iспен айналысып, ел дамуында өз орнын табуы керек. Жаңарған әлемдегi жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенiмiмiз зор», деді Х.Әбенұлы сөзінің қорытындысында.