Асылжан Бектай Азия чемпионатының қола жүлдегері

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Катмандуда (Непал) қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Асылжан Бектай қола жүлдені еншіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Ол 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 136, серпе көтеруде 160 келіні көтеріп, қоссайыста 296 келіні бағындырды.

Асылжан 2000 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 7 сыныптан бастап ауыр атлетикамен айналысады.

Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан Республикасы чемпионатының (2015, 2017 жж.) және кубогының (2016 ж.) күміс жүлдегері атанса, биылғы жылы Бангкокта жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері.

Айта кетейік, жас спортшы жыл басынан бері үш жүлдені иеленді. 

Соңғы жаңалықтар