Ата заңның Үкімет туралы бөлімі де өзгеріске ұшырайды — Конституциялық комиссия

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов бір палаталы Парламентке көшу Ата заңға қандай өзгерістер енгізуді талап ететінін баяндады. 

Бақыт Нұрмұханов
Фото: Конституциялық сот

 — Бір палаталы Парламент моделіне көшу аясында Құрылтай деген бөлімге ауқымды түзетулердің жобасы дайындалды. Бөлімнен қос палаталы Парламентке және бұл жүйедегі оның қызметіне байланысты ережелер алып тасталды. Заң шығару органының өкілеттіктеріне терең талдау жүргізілді. Құрылтайдың сессияларына және оның қызметін ұйымдастыруға қатысты баптардың бәрі дерлік жаңарды. Заң шығару бастамасына ие субъектілердің қатары артты. Құрылтай заң қабылдау арқылы реттелетін аса маңызды қоғамдық қатынастардың тізбесі кеңейді, — деді ол.

Конституциялық сот өкілі заң жобаларын қарау мен қабылдаудың рәсімдері де қайта пысықталғанын атап өтті.

— Құрылтай төрағасының лауазымына қатысты мәселелер жеке бапта реттелді. Кез келген елде Парламент пен Үкімет өзара тығыз әрекеттесіп, қызмет атқарады. Сондықтан бір палаталы Құрылтайға көшу Үкімет бөліміне де бірқатар түзету енгізуді талап етеді. Осы орайда бөлімнің де бірнеше бабының ережелері нақтыланып отыр, — деді Бақыт Нұрмұханов.

Жалпы Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтқанын мына сілтеме арқылы оқуға болады

Соңғы жаңалықтар