Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Маңғыстау өңіріне табан тіреді

АСТАНА. KAZINFORM — 13 шілдеде өңірге аты аңызға айналған актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан барды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Джеки Чан прибыл в Мангистаускую область на съемки своего нового фильма
Фото: Маңғыстау әкімдігі

Ол халықаралық «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) көркем фильмінің түсіріліміне қатысады. Актерді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды.

Маңғыстаудың ауқымды халықаралық киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалуы әлемдік киноиндустрияның Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Маңғыстау өңіріне табан тіреді
Фото: Маңғыстау әкімдігі

Фильмнің басты түсірілім орындарының бірі — әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы болмақ.

Кездесу барысында Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды халықаралық жобалардың өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын күшейтуге зор серпін беретінін атап өтті.

Джеки Чан жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары ерекше кинематографиялық әлеуетке ие екенін және болашақ фильмнің ең көрнекті көріністерінің біріне айналатынын айтты.

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Маңғыстау өңіріне табан тіреді
Фото: Маңғыстау әкімдігі

«Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильмнің өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы айналысады.

Бұған дейін Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтаған еді.