Атырау мен Ақтөбе облыстарында бірқатар жол учаскесі жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлайды.

Жол жабылды
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

2026 жылғы 16 қаңтар сағат 03:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалыс мына өңірлерде тоқтатылды:

Ақтөбе облысында

«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 104-337 км аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысында

«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 337-346 км аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Аталған жол учаскелерін қайта ашудың болжамды уақыты – 16 қаңтар сағат 09:00.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылап алуды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ұсынады.

Бұған дейін Қазақстанның үш өңірінде автожолдарда қозғалыс шектелгені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум