Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде өнім шығарып жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Зауытта тәулігіне 3,5 мың тонна жанармай, 2,5 мың дизель шығарылады. 

МӨЗ
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайды қарастыратын комиссияның жұмысы және тұрақты өндірістік процесс туралы мәлімет берді.

«Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдері жөнелтіп жатыр. Мәселен, 18 ақпандағы өндірістің орташа тәуліктік көлемі — 3,5 мың тонна автобензин, дизель отыны — 2,5 мың тонна. Дизель отынын гидротазалау қондырғысының технологиялық режимге шығуына байланысты тәуліктік өндіріс көлемі қалпына келтірілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК тарапынан барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Комиссия жұмысы жалғасуда», - деді Дмитрий Макеев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастағанын хабарлаған едік.

Кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар