Атырау мұнай өңдеу зауытының бас инженері тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау мұнай өңдеу зауытының бас инженері міндетін атқаруға Еркін Сүлейменов кірісті. Оған бас директордың орынбасары лауазымын атқару қоса жүктелген.

Атырау
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

Бұл деректі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі растады. 

Еркін Сүлейменовтің мұнай өңдеу саласында айтарлық тәжірибесі бар. Ол бұрын «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. Кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да мұнай өңдеу департаментінің директоры болған.

«Зауыттың бас директоры бас инженерді «ҚазМұнайГаз» ҰК басшыларының келісімімен тағайындайды. Еркін Сүлейменов осы кезге дейін зауыттың еңбек қауіпсіздігі, қоршаған орта және азаматтық қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарып келді», -деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастағанын жазған едік. 

Кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен  босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар