Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Қаржы министрінің 26 мамырдағы бұйрығымен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына Кенжеғазы Есембеков тағайындалды.

Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Фото: Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа басшысыны департамент ұжымына таныстырды. 

Кенжеғазы Мұқажанұлы еңбек жолын 1996 жылы мемлекеттік кірістер органдарында бастаған. Әр жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істеген. 

Алматы сондай-ақ Астана қаласында, Алматы мен Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылдан Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы болған. Ал 2022 жылғы 18 мамырдан бері Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қымбат мейрамханадағы төбелестен соң қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар