Атырауда қымбат мейрамханадағы төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда мейрамханада болған төбелестен кейін қылмыстық іс қозғалды. БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, олар мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері болуы мүмкін.

төбелес
Фото: Pixabay

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Төбелес кеше, 28 қаңтарда Атырау қаласындағы Villa Beer House мейрамханасында болған. 

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Ал Криминальный Казахстан телеграм арнасы төбелес прокуратура мен мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері арасында болғанын хабарлады. Төбелестен кейін 1 адам ауруханаға түскен. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төбелестен 1 адам мерт болып, 2-еуі ауруханаға түскенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар