Атырау облысында қаңтардан бері өрттің салдарынан 11 адам қаза тапқан

өрт
Фото: Pexels

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында қаңтардан бері өрттің салдарынан 11 адамның қаза тапқаны тіркелген. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Өтешовтің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 121 өрт оқиғасы тіркеліп отыр.

«Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға өсті. Жыл басынан бері өрттің басым бөлігі – 56 дерек тұрғын үй секторында тіркелді. Сонымен бірге, 40 көлік өртенді. Жалынның салдарынан 11 адам ажал құшты. Ал, 6 адам күйік алып, зардап шекті. Өрттің тұтануының бірнеше себебі бар. Біріншіден, электр аспаптарын монтаждау және техникалық ережелерін бұзумен байланысты болып отыр. Екіншіден, отты қолдану кезіндегі абайсыздық та себеп болады. Үшіншіден, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері дұрыс сақталмайды. Төртіншіден, балалардың отпен ойнауы да өрттің тұтануына әсер етеді», - деп хабарлады Нариман Өтешов.

Еске сала кетелік, биылғы сәуірде Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болғанын хабарлаған едік.

Кейін екі баланың өмірін қиған өртке байланысты күдікті қамауға алынды. Ал, өртенген пәтерден жанармай иісі бар құты табылғанын жазған болатынбыз
 

Соңғы жаңалықтар
telegram