Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті

Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті
Фото: Атырау облыстық ТЖД

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті.

«Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулық құтқарушылар түтіндеген пәтерден 8 айлық сәбиді алып шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Атырау қаласының Сұлтан Бейбарыс даңғылындағы көпқабатты үйдің 6-қабатындағы пәтердің ас бөлмесі түтіндеген. Пәтердің есігі құлыптаулы болған. Сол себептен, құтқарушылар азаматтық қорғау сержанты Б.Саясатовтың басқаруымен автосатымен жоғарыға көтерілді. Терезеден кірген құтқарушының бірі, азаматтық қорғау аға сержанты А.Құрманиязов түтін басқан бөлмеден 8 айлық сәбиді қалың көрпеге орап, қаупісіз аумаққа алып шықты.

Түтіндеген пәтерде кішкентай балақай жалғыз болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram