Атырау облыстық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Атырау облыстық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды. Енді бұл лауазымды полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев атқарады.  

Атырау облыстық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Ерлан Валерийұлы Атырау қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 

Атырау қалалық полиция басқармасында басшылық лауазымды атқарған. Кейін департаментке қарасты жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы болып тағайындалған. 

Қазір облыстық полиция департаментін полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев басқарады. Оның 6 орынбасары бар. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Асқар Жүсіпов Атырау облыстық экология департаментін басқаратынын хабарлаған едік. Жаңа басшыны ұжымға Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов таныстырды.

Соңғы жаңалықтар