Асқар Жүсіпов Атырау облыстық экология департаментін басқаратын болды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облыстық экология департаментіне жаңа басшы келді. Бұл лауазымға Асқар Жүсіпов тағайындалды.

Асқар Жүсіпов
Фото: Атырау облыстық экология департаменті

Бүгін жаңа басшыны ұжымға Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов таныстырды. 

Асқар Болатұлы 1988 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай селосында дүниеге келген. 2008 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжін, 2013 жылы Құқықтануодағының Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысындағы Жангелдин аудандық әділет басқармасында бастаған. Осы кезге дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына басшылық еткен. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Данияр Орынбасаров Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы болғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар