Атырауда 25 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі қала — қауіпсіз балалар» және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, нашақорлыққа қарсы бағытталған «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Атырауда 25 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz

Рolisia.kz мәліметінше, іс-шара барысында тәртіп сақшылары түнгі уақытта ойын-сауық орындарын, көшелерді, саябақтарды және жастар көп жиналатын орындарды тексерді. Нәтижесінде 260-тан астам жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардың қатысуымен 285 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 25 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының қайда және кіммен жүргенін тұрақты бақылауда ұстап, олардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, отбасы мен қоғамның ортақ міндеті, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Атырауда 86 мемлекеттік орган басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.