Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастаған. Полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, қамауға алды.

Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 7 ақпанда болған. 

– Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы – 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Кейбір дерекке қарағанда, күдікті туысының денесін бөлшектеп тастаған. Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі нақтыламады. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда баласының суицид жасауға оқталуына себепкер әке 6 жылға сотталғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар