Атырауда 90 жастағы қария туған ұлынан зорлық-зомбылық көрген

АТЫРАУ.KAZINFORM– Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 90 жастағы қартқа өз баласы ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген. 

Атырауда 90 жастағы қария туған ұлынан зорлық-зомбылық көрген
Фото: ІІМ

Алдын ала мәлімет бойынша, туған ұлы қарт әкесін үйдің бір бөлмесіне қамап, оның еркін шығуына шектеу қойған. Сондай-ақ ол әкесіне тамақ пен су бермей, қол-аяғын байлап тастаған. Қарт адам мүмкіндік туған сәтте үйден қашып кеткен. Кейін ол жақын туысының үйіне барып, болған жайтты баяндаған.

Атырау облыстық полиция департаметі ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда жыл басынан бері жанұясында жанжал шығарған 156 адам қамалғанын жазған едік.