Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.

қамауға алу
Фото: pexels.com

«Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққаны хабарланған болатын