Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан

Казахстанский военнослужащий
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі сарбаздың әскери бөлімнен қару алып шыққаны туралы мәліметті растады.

«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», - деп жазылған ресми мәліметте.

Кей мәліметтер бойынша, әскери бөлімнен қашқан сарбаз - Көкшетау қаласының тумасы. Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.

Соңғы жаңалықтар