Атырауда балық қорғау саласының 2 инспекторы ұсталды

тәркіленді
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда балық қорғау саласының екі инспекторы бекіремен ұсталған.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігіне сәйкес 3 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерден 18,5 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Үшінші күдікті – жеке тұлға», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еліміздің батысындағы үш өңір – Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облысында «Бекіре» кең ауқымдағы балық қорғау акцясы өтіп жатыр. 1 сәуірде басталған бұл акция 31 мамырға дейін жалғасады.

«Іс-шараға байланысты заңсыз балық аулаудың жолын кесу үшін жылжымалы мобильдік топтар құрылды. Бұл Еркінқала елді мекені арқылы Каспий теңізіне шыға берісінде, Жайық өзені бойындағы «Пешной» аралында, Еркінқала, Дамбы, Алғабас елді мекеніна қатынайтын айналма жолда автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізуді қолға алды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Бекіре – 2024» акциясы аясында 454 келі бекіре, 5 келі қарауылдырық тәркіленгенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар
telegram