Атырауда мәдениет басқармасы қызметтік үйді үш есе қымбатқа алмақ болған

АТЫРАУ.KAZINFORM - Былтыр Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы 10 қызметтік баспананы нарықтағы бағадан үш есе қымбатқа сатып алуды жоспарлаған. Бұл мақсатқа 503 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Кейін бұл процеске прокурорлар араласып, мемлекеттік сатып алуды тоқтатқан.

госзакупки, жилье
Фото: freepik

- Осыған байланысты прокуратура тарапынан наразылық енгізіліп, жергілікті атқарушы органмен бюджет қаражаты үнемделіп, мәслихат сессиясымен кері қайтарылды. Прокуратураның қадағалау актілері нәтижесінде үнемделген бюджет қаражаты жергілікті атқарушы органмен өңірдің басым әлеуметтік қажеттіліктері мен инфрақұрылымдық бағыттарына қайта бөлінді, - деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Сайтдолла Дәуешов. 

Жалпы 2025 жылы әкімдіктің бюджетті негізсіз жоспарлауы салдарынан 12 млрд теңгеге заң бұзушылық анықталды.Облыстық прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін 84 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осыған дейін еліміздің бас прокуроры Берік Асылов прокурорлық қадағалаудың нәтижесін жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум