Атырауда референдум қарсаңында үшем туған аналар таңдау жасады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Референдум қарсаңында Атырау облыстық перинаталдық орталығында екі бірдей үшем дүниеге келді. Қуанышты жаңалық перзентхана ұжымы мен жас аналардың жақындары үшін ерекше сәтке айналды.

выборы, референдум, бюллетень
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Перинаталдық орталықта орналасқан №22 жабық референдум учаскесінде үшемдердің аналары да дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Солардың бірі – үшемнің анасы Гүлшат Аханова.

в
Фото: видеодан алынған скрин

Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылының тұрғыны Гүлшат Аханованың отбасында бұған дейін үш қызы болған. Үшем қыздардың дүниеге келуімен олардың шаңырағында алты қыз бала өсетін болды. Сәбилерге Нұриля, Сабира және Хадия деген есім берілмек.

– Еліміздің болашағы үшін, қыздарымыздың болашағы үшін бүгін дауыс бердім, – дейді жас ана.

Референдум қарсаңында дүниеге келген тағы бір үшемнің анасы – Айдана Ерғалиева. Оның отбасында үш ұл өмірге келді.

перзентхана
Фото: видеодан алынған скрин

Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық, тиісті медициналық бақылауда.

Қуанышты оқиға перинаталдық орталық ұжымы үшін де есте қаларлық сәт болды. Референдум қарсаңында дүниеге келген алты сәбидің өмірге келуі жаңа өмірдің бастауындай жарқын белгі ретінде қабылданды.

Бұған дейін Теңіз кен орнында жұмыс істейтіндер дауыс беріп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар