Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

Атырау
Фото: azh.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін облыс әкімі осындай шешім қабылдады. 

«Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген облыс әкімінің шешімінде. 

Бұған дейін мұндай төтенше жағдай Қызылқоға және Жылыой ауданында жарияланған. Қазір екі ауданда да төтенше жағдай сақталып отыр. 

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», мешіт маңы ауылынан 31 наурыздан бері 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Оның 7 396-сы бала. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4 578-і – балалар. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалғанын жазған едік. 

Тасқын су қаупі Құлсары қаласының 7 шағын ауданына төніп тұрғанын хабарлаған болатынбыз. 

«Теңіз» кенішіндегі вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram