Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адамды ұстады.  

Атырауда тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Видеодан алынған кадр

Полицияның хабарлауынша, күдікті — 2,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Индер ауданының 35 жастағы тұрғыны.

Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді.

— Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, — деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Полиция азаматтарды заңсыз талаптарға көнбеуге және қорқытып алу деректері болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан 7 күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.