Атыраудың Индер ауданында Жайық жағалауындағы 9 бөгет нығайтылып жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Индер ауданында Жайық өзенінің жағасындағы 9 бөгетті қосымша нығайту жүріп жатыр. Бөгеттің ұзындығы – 34,5 шақырым.

Жайық жағалауындағы 9 бөгет нығайтылып жатыр
Фото: Индер ауданының әкімдігі

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасовтың мәліметінше, бөгетті биіктету жұмысына 25 адам тартылған. Бұл іске 18 техника бөлінген. 

Жайық жағалауындағы 9 бөгет нығайтылып жатыр
Фото: Индер ауданының әкімдігі

– Аудан орталығы – Индербор кенті мен Елтай ауылдық округіндегі бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Ал Бөдене және Ынтымақ ауылында дәл осындай жұмыс жүргізіліп жатыр. Жарсуат, Өрлік, Есбол, Көктоғай, Құрылыс ауылдарындағы бөгетті биіктету, осал тұсын қосымша нығайту үшін мердігермен келісімшартқа жасау шарасы қолға алынды, - деп хабарлады Шапағат Ғаббасов.

Оның дерегіне қарағанда, Атырау-Орал республикалық маңызы бар трассадан Индербор кентіне баратын 7 шақырым жолды жөндеу жұмысы әлі толық бітпеген. Осы кезге дейін аталған жолды жөндеу 90 пайызға аяқталған.

Жайық жағалауындағы 9 бөгет нығайтылып жатыр
Фото: Индер ауданының әкімдігі

– Индербор кентіне дейінгі жолда төрт мал өткелі салынды. Қосымша бір суағар құбыры жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын биыл сәуір айында аяқтау жоспарланып отыр, - деп мәлім етті Шапағат Ғаббасов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 51 елді мекенді тасқын су басу қаупі барын хабарлаған болатынбыз.

Жайық жағалауындағы 9 бөгет нығайтылып жатыр
Фото: Индер ауданының әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар