Атыраулық кәсіпкердің дүкенінде 3,7 млн теңгенің алкоголі заңсыз сақталған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының кәсіпкері өз иелігіндегі дүкенінде 3,7 млн теңгенің алкоголін заңсыз сақтап келген. Сот қаулысымен кәсіпкерге 129,2 мың теңге айыппұлын салынды.

Нелегальная алкогольная продукция
Фото: Polisia.kz

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында жеке кәсіпкер Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабының 5-бөлігімен айып тағылған. 

– ️Салықтық тексеру кезінде Махамбет ауданында орналасқан дара кәсіпкерге тиесілі дүкенде тиісті ілеспе жүк құжаттарсыз 3 млн 756 мың 400 теңгенің түрлі алкоголь өнімі сақталғаны анықталды. Сот қаулысымен дара кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Дүкенде заңсыз сақталған алкоголь өнімдері тәркіленді. Кәсіпкерге қысқартылған тәртіпте 129 мың 220 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, -деп хабарлады Махамбет аудандық сотынан. 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр батыстағы 3 облыста браконьерлерге 29,2 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар