18:36, 27 Шілде 2017 | GMT +5
Аттракциондағы оқыс оқиғадан 1 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Американың Огайо штатында жәрмеңкеде аттракционның бұзылуы салдарынан бір адам мерт болып, бес адам ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды NBC4i телеарнасы.

Оқиға жәрмеңкенің ашылуы күні болды. Полиция қызметкері Стив Мартин телеарнаға берген сұхбатында аттракцион орындықтарының біреуі «үзіліп» кеткенін мәлім етті.
Бұған қоса, жәрмеңке ұйымдастырушылары Twitter-дегі парақшасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жазды.
Жергілікті билік оқиға салдарынан 18 жастағы жеткіншек қаза тапқанын хабарлады.
Аттракцион жұмысы уақытша тоқтатылды.