Атырау мен Хьюстон арасындағы аймақаралық байланысты дамыту жобасы жүзеге асырылуда - Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов Техас штатындағы Хьюстон қаласына барып қайтты. Бұл сапар республика мен АҚШ-тың жекелеген аймақтарының арасында сауда, мәдени және білім байланыстарын орнату жөніндегі Қазақстан Елшілігі жүргізіп отырған жұмыстардың аясында, қыркүйектің 27-сінде өтті.
None
None

Қазақстан Елшілігінің баспасөз баянында мәлім етілгендей, сапар барысында Ерлан Ыдырысов ел Конгресіндегі Хьюстонның өкілі Шила Джексон-Ли ханыммен кездесті. Джексон-Ли ханым екі мемлекеттің «мұнайлы елордалары» - Атырау мен Хьюстонның арасында достық байланыстар орнату идеясына қуана қолдау білдірді.

Сол күні Ерлан Ыдырысов пен Шила Джексон-Ли хьюстондық кәсіпкерлермен ұжымдық кездесу өткізді және бизнесмендерді Атыраумен серіктестік қарым-қатынасты дамыту идеясын қолдауға шақырды. Кездесуге «КонокоФиллипс», «ЭксонМобил», «Халлибертон», «Паркер Дриллин» және басқа да «мұнай-газ алпауыттары» ғана емес, шағын және орта бизнес секторында жұмыс істейтін хьюстондық бизнестің де басшылары қатысты. Осы жайт, Ерлан Ыдырысовтың көзқарасынша, пайымдалып отырған серіктестік жобасының мазмұнына толық сай келеді.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде, сондай-ақ үлкен американдық компаниялардың Қазақстан Республикасындағы бұған дейінгі табысты жұмыстары нарыққа енді шағын және орта компаниялардың келуіне мүмкіндіктер кеңістігін жасауы керек.

«Қазақстанның негізгі даму мақсаттарының бірі - мұнай мен газға тәуелділіктен біртіндеп қол үзу және экономиканы әртараптандыру», деп атап көрсеткен Елші, елімізде экономиканың басымдықты салаларында, оның ішінде ғылыми қамтымды және жоғары технологиялық өндірістерге жайлы инвестициялық және салықтық жеңілдіктердің қарастырылғанына тоқталды.

Ш.Джексон-Ли ханымның саяси қолдауымен және Қазақстанның Хьюстондағы құрметті консулы Уильям Берри мен Луизианадағы құрметті консулы Пэрис Териоттың ұйымдастырушылық қолдауымен, Атырау мен Хьюстон арасындағы аймақаралық байланыстарды дамыту жобасы жақын арада жүзеге асырыла бастайды.

Соңғы жаңалықтар