Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдейтін кешен құрылысына байланысты келісімшартқа қол қойылды

АТЫРАУ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырау АМӨЗ-да мұнайды терең өңдейтін кешен құрылысына байланысты келісімшартқа қол қойылды.
None
None

Аталмыш келісімшарт «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен қытайдың «Sinopec Engineering» консорциумы, жапондық «Marubeni Corporation» компаниясы және МГҚК «ҚазқұрылысСервис» АҚ арасында жасалды.

Мұнайды терең өңдейтін кешеннің құрылысы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Кешен жылына 2 млн. 400 мың тонна өнім өндіруге есептелген.

«Кешен құрылысының негізгі мақсатымұнайды өңдеу бойынша теңгерімделген қуаттылықты жылына 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайтып, 85%-ға дейін мұнайды терең өңдеуге, ЕУРО-5 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсартуға мүмкіндік беру болып табылады», - деді АМӨЗ-нің бас директоры Талғат Байтазиев.

Жобаның құны ққс-мен 1 млрд. 679 млн. 892, 5 мың АҚШ долларын құрады. Жобаны іске асыру мерзімі - құрылыс басталғаннан бастап 41 ай.

Соңғы жаңалықтар