Атырау облысында жаз мезгілінде суға шомылатын 46 жағажай белгіленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жаз мезілінде суға шомылатын 46 жағажай белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, былтыр 7 бала суға кеткен. Ал, биыл бұл көрсеткіш екі есе өскен.

«Атырау қаласында 3, Индер ауданында 1 жағажай ғана бар. Өзге аудандарда бірде бір жағажай жоқ. Бұл мәселе үш жақты комиссия отырысында қаралды. Нәтижесінде Атырау облысында 46 жағажай белгіленді. Мәселені оң шешудің жалғыз жолы – жағажайларды жеке кәсіпкерлерге жалға беру. Бізге коммуналдық жағажайлар ашу қажет. Жағажайларда құтқару бекеті мен қоғамдық құтқарушылар болуға тиіс. Қоғамдық құтқарушыларды жедел штаб жасағы тегін оқытып, сертификат беруге дайын», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат Ержанов.

Әкімнің пікірінше, балалар қауіпсіздігі – өте маңызды мәселен. Бұл мәселені оң шешу үшін нақты ұсыныстар жасау қажет.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында су айдындарына шомылу мерзімі 15 маусымға шегерілгенін жазған едік.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасының бастығы Бақыт Аблановтың айтуынша, шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске анықталған. Бұл учаскелерде 238 тыйым салу белгісі мен 9 ақпараттық стенд орнатылған. Су айдындарында қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында күнделікті үгіт-профилактикалық жұмысқа 273 адам, 44 автокөлік пен жүзу құралы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар