Атырауда ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысқа кірісті

АТЫРАУ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 3 сәуірде өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында жұмыс істейтін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы байқаушыларының алғашқы тобы Атырауға келді.

Атырауда ЕҚЫҰ байқаушылары  жұмысқа кірісті

Атырауда сайлаудың барысын Украинадан - Татьяна Поляк-Груйч және француз Оливье Ваит-Полер қадағалайтын болады. Олардың міндеті - саяси үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу барысын, сайлау заңнамасының сақталуын, сайлаудың БАҚ беттерінде жариялануын егжей-тегжейлі зерттеу және сайлау комиссияларының жұмыстарын, сондай-ақ сайлаумен байланысты туындап жататын түйінді мәселелердің шешілу үдерісін қадағалау болып табылады.