Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауға Шотландия, Әзірбайжан және Ресейден мэрлер шақырылды

АТЫРАУ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атырауға қазан айының басында аталып өтілетін қала күніне Қазақстан қалаларынан, сондай-ақ Шотландия, Әзірбайжан және Ресейден қонақтар шақырылды.

Атырауға Шотландия, Әзірбайжан және Ресейден мэрлер шақырылды

Облыстық әкімдіктен хабарланғандай, мерекеге көршілес Астраханнан, Магнитогорскіден және біздің елге тиесілі «Қазақстан геологы» шипажайы орналасқан Железноводскіден делегациялар келеді деп күтілуде. Шақырылғандар ішінде Атыраудың туыстас қалалары - шотландттық Абердин мен әзірбайжандық Ширванның мэрлері де бар.