Атыраулық 21 жастағы алаяқ Орал тұрғынының 5 млн теңгесін алып кеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Атыраулық 21 жастағы алаяқ Орал тұрғынының 5 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ол 1969 жылғы ер адамның сеніміне кіріп, ақшасын көбейтіп беремін деген желеумен алдаған.

Ақшасын қайтара алмаған ер адам полицияға жүгінді.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Ол Оралға келіп, айласын асырмақ болған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы бір алаяқ Әбілқайыр хан көшесі бойындағы кафелердің бірінде 1991 жылғы азаматшаға тиесілі 1,5 млн теңгесін көбейтіп беремін деп, қалтасына басқан. Көп ұзамай 1994 жылғы күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қызмет бабын пайдаланып 2 млн теңге жымқырған 21 жастағы қыздың ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар