23:00, 30 Наурыз 2021 | GMT +5
БҚО-да қызмет бабын пайдаланып, 2 млн теңге жымқырған 21 жастағы қыз ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қызмет бабын пайдаланып, 2 млн теңге жымқырған 21 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Ақсай қаласында 21 жастағы қыз өзі жұмыс жасайтын ЖШС-да осындай қадамға барған.
Ақша 1976 жылғы азаматқа тиесілі болған.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.