Ауа райы: 17 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 17 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. 

Ауа райы: 17 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғады
Фото: unsplash

Республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды учаскелер өтетін республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыста қарлы боран соғады. 

Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялаған едік. 

Соңғы жаңалықтар