Ауа райына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша жабылғанын хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Сонымен қатар, 1 учаскеде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысы
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 шақырым (Топар кенті – Ұлытау облысының шекарасына дейін)
– «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 592-750 шақырым (Балқаш қаласы – Жамбыл облысының шекарасына дейін)

Ұлытау облысы
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 756-788 шақырым (Жаңаарқа кенті – Қарағанды облысының шекарасына дейін)
– «Қызылорда – Жезқазған – Шідерті – Қарағанды» автожолы, 216-424 шақырым (Қызылорда облысының шекарасынан – Жезқазған қаласына дейін)

Жамбыл облысы
– «Алматы – Екатеринбург» автожолы, 750-897 шақырым (Қарағанды облысының шекарасынан – Бурылбайтал ауылына дейін)

Қызылорда облысы
– РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1474-1806 шақырым (Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласына дейін)
– «Қызылорда – Жезқазған – Шідерті – Қарағанды» автожолы, 12–216 шақырым (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасына дейін)

Жол қозғалысына енгізілген шектеулер ауа райы жағдайының жақсаруына қарай алынады.

Айта кетейік, кеше Қызылорда облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар