Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM –  Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді. 

Ауа райына байланысты бірқатар облыста республикалық жолдар жабылды
Фото: «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» СҚО филиалы

Бүгін сағат 21:00-де Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Ақмола облысы

23 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі:

- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);

- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы Бидайық (ө/п)» автожолының 2-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы (Көкшетау – Омбы);

- «Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен» 0-18 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы);

- «Щучинск – Зеренді» автожолының 0-77 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Зеренді ауылы);

- «Көкшетау – Атбасар» автожолының 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы);

- «Қостанай – Әуликөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);

- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-595 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Қостанай қаласы);

- «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы);

- «Макинск – Ақсу – Торғай» автожолының 0-240 шақырым аралығы (Макинск қаласы – Торғай ауылы);

- «Астана қаласының айналма жолы» 0-86 шақырым аралығы;

- «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-341 шақырым аралығы (Астана қаласы – СҚО шекарасы);

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 16-407 шақырым аралығы (Астана қаласы – Қостанай облысы шекарасы);

- «Астана – Қорғалжын» автожолының 19-181 шақырым аралығы (Астана қаласы – Қорғалжын ауылы);

- «Бурабай шипажай аймағының жолдары»;

- «Щучинск – Бурабай шипажай аймағы ойын-сауық орталығына кіреберіс жол»;

- «Жаңа Колутон – Ақкөл – Минское автожолына кіреберіс жол»;

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Қостанай облысы:

- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы);

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолы) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 555-729 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – СҚО шекарасы);

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолы) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 539-418 шақырым аралығы (Қостанай қаласы – Қарабалық ауылы);

- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы);

- «Мамлютка – Қостанай» автожолының 403-180 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – СҚО шекарасы);

- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-501 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Рудный қаласы).

Павлодар облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Ақтөбе облысы: 

- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 89-234 шақырым аралығы (Жүргенов елді мекені – Қостанай облысының шекарасы).

Алматы облысы: – «Алматы- Шелек- Қорғас» автожолының 136-254 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Байсеіт көпірі - Жетісу облысы шекарасы дейін)

Жетісу облысы:  – «Алматы- Шелек- Қорғас» автожолының 254- 261 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Алматы облысы шекарасы - Көктал елді мекені) 

Жолдарды 24 қаңтар сағат 8:00 және 10:00-де ашу жоспарланған. 

Айта кетелік бүгін Астана мен Көкшетауда екінші ауысым оқушылары да онлайн оқыған еді.

Соңғы жаңалықтар