Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM –  Қазгидромет 7 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады.

осень
Фото: pexels

Синоптиктердің болжамына сәйкес Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 7 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 7 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 7 қазанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 7-8 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 7-8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

7-9 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 7-9 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 7 қазанда жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда 7 қазанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Көкшетауда 7 қазанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Талдықорғанда 7 қазанда түнде сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта 7 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Айта кетейік, «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ  баспасөз қызметі республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жариялады.

Соңғы жаңалықтар