Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты 3 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

13 наурыз сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі: 

Абай облысы: 

– «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы);

– «Өскемен — Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы). 

Шығыс Қазақстан облысы: 

– «Өскемен — Семей» автожолының 12-103 шақырым аралығы (Казачье ауылының бұрылысы — Абай облысының шекарасы). 

Павлодар облысы: 

– «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 525-587 шақырым аралығы (Аққулы ауылы — Абай облысының шекарасы). 

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 14 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында полицейлер жолда қалған 2 мыңға жуық автокөлікті алып жүргенін жазғанбыз.