Ауа райына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА.KAZINFORM - ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Шығыс Қазақстанда аязға байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Kazinform

Жамбыл облысы:

Бүгін, 10 желтоқсан сағат 17:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Түркістан облысы:

2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 18:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін екі облыста жол жабылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар