Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады.

дороги
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр:

Қызылорда облысы:

- 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 01:00-де республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 12-216 шақырым аралығында (Қызылорда қаласының - Ұлытау обласының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 06:00-да ашу жоспарланған.

Сонымен қатар Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады.

– 20 желтоқсанда сағат 01:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеде (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады. Жолды 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған, - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар