Ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 11 ақпан сағат 05:20–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы төлем қабылдау пункті – Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем қабылдау пункті).
Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы 403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертеді.
Еске сала кетейік, кеше екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды.